Ұмытшақ әйел қызын әуежайда қалдырып, саяхатқа жалғыз кеткен

Фото: Phil Noble / Reuters

Ирландияда әйел ұмытшақтығының салдарынан 10 жастағы қызын әуежайда қалдырып, Грекияға демалысқа жалғыз кетті. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ирландияда әйел ұмытшақтығының салдарынан 10 жастағы қызын әуежайда қалдырып, Грекияға демалысқа жалғыз кетті. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Дублиндік Саманта О'Коннор грек аралдарына билетті 3,5 мың фунт стерлингке (шамамен 2,1 миллион теңге) сатып алады. Ол саяхатқа қызымен баруды жоспарлайды. Алайда қызының төлқұжатының әрекет ету мерзімі сапардан бірнеше күн бұрын аяқталғанын ұмытып кеткен. Саманта бұл туралы әуежайға келгенде білді.

Нәтижесінде әйел қызды әкесімен қалдырды. Жоспар бойынша, олар бала жаңа құжат алған соң бір аптадан кейін саяхатын бірге жалғастыруы керек.

Реклама
Реклама

"Біздің сапарымыз бұзылды, мен қызымды басқа елде қалдырғанымнан қорқамын. Қатты ұялып тұрмын", - деді әйел.

Сондай-ақ, ол қонақүй ақысын төлеп қойғандықтан Дублинде қала алмайтынын айтты.

"Мен демалысты екі жыл күттім. Құжаттың кесірінен теңіздегі бес күн демалысымнан бас тарта алмадым", - деді ол.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная