Ұлыбританиялықтарға шетелде демалуға тыйым салынады

Ұлыбританияда коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты ел тұрғындарына 29 наурыздан бастап шетелде демалуға тыйым салынады. Бұл туралы Үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап Independent жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Жаңа талапқа сәйкес, Ұлыбритания тұрғындары ел аумағынан себепсіз шыға алмайды. Енді азаматтар Еуропаға тек жұмыс, оқу, заңды міндеттемелер үшін, көшу немесе үйлену тойына бара алады және біреу қайтыс болған жағдайда ғана баруға рұқсат етіледі.

Талапты орындамаған азаматтарға бес мың фунт стерлинг (шамамен 2,9 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Тұрғындар елден шығар алдында сапардың себебін көрсетіп, сауалнама толтырады. Оны толтырудан бас тартқандарға 200 фунт стерлинг (116 мың теңге) айыппұл салынады.

Егер билік шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім шығармаса, Ұлыбританияда бұл тыйым 30 маусымға дейін сақталады. Алайда жаңа талап Норман аралдарына, Мэн аралына немесе Ирландияға баратындарға әсер етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!