Ұлыбританиялық ұшқыш коронавирустан 243 күн емделген

АҚШ-та British Airways әуекомпаниясының ұшқышы сегіз ай бойы коронавирустан емделген, - деп хабарлайды NewsWep.

59 жастағы Николас Синнотт 2020 жылдың наурызында тыныс алуы қиындай түскеннен кейін Техастағы ауруханаға жатқызылған болатын. Алдымен оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосып, артынша жасанды жүрек аппаратына қосқан. 

"COVID-19 оның барлық мүшесіне зиян келтірген. Бірақ дегенмен де оның денсаулығы жақсы болғандықтан осының бәрін көтеріп, қауіпті ауруды жеңіп шықты", - дейді кардиолог Бисваджит Кар.

Николас Синнотт ауруханада 243 күн жатқан. Қасында 54 жастағы әйелі болып, оған көмектескен. Ұшқыштың сөзінше, ол әйелінің қолдауының арқасында ауруды жеңіп шыққан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!