Ұлыбританиялық туристерге коронавирусқа жедел тест тапсыруға рұқсат етілді

Ұлыбританияда қабылданған жаңа ережелер вакцина алған азаматтарға елге кірген кезде коронавирусқа жедел тест нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияға қызыл тізімге енгізілмеген елден келген азаматтар қымбат ПТР-тестілері мен уақыттың орнына жедел тест нәтижесін ұсына алады. Бұл жағдайда тестілер жеке жеткізушіден сатып алынуы керек. Ережелер қазірдің өзінде күшіне енді.

Дегенмен ПТР-тестілері толығымен жойылмайды. Экспресс-тестің нәтижесі оң болған жағдайда азамат оқшаулануға кетіп, нәтижені растау үшін қосымша тегін ПТР-тестен өтуі тиіс.

Ұлыбритания үкіметінің сайтында осы жылдың 11 қазанынан бастап қызыл тізімдегі елдердің саны жетіге дейін қысқарды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!