Ұлыбританиялық сөмкесіндегі заттың салдарынан өлім жазасына кесіле жаздады

Фото: Thaier Al-Sudani / Reuters

Бағдад соты 6 маусымда Ұлыбритания азаматын елден ежелгі артефактілерді контрабандалауға тырысқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Reuters жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бағдад соты 6 маусымда Ұлыбритания азаматын елден ежелгі артефактілерді контрабандалауға тырысқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Reuters жазды.

Оқиға 2022 жылдың наурызында болған. 66 жастағы Джеймс Фиттон (James Fitton) Бағдад халықаралық әуежайында сөмкесіндегі бір зат салдарынан қамауға алынды. Саяхатшының жеке заттарынан ежелгі қыш ыдыстардың сынықтары табылды.

Бағдадтың қылмыстық соты Фиттон Ирактың мәдени мұрасы болып саналатын артефактілерді заңсыз жолмен алды және оларды "қылмыстық ниетпен" елден шығаруға тырысты деп шешті. Британиялық өлім жазасынан құтылды. Ирак заңдарының тәжірибесінде мұндай қылмыстар үшін әдетте өлім жазасы кесіледі.

Реклама
Реклама

Тифонмен бірге неміс азаматы Волкер Вальдман (Volker Waldmann) қамауға алынды. Ол да қыш ыдыстардың сынықтарын шығаруға тырысты. Дегенмен, неміс ақталды. Ұлыбританияның адвокаты оның сотталушысы ежелгі фрагменттердің артефакт екенін білмегендіктен үкімге таңғалғанын айтты. Фиттонның қорғаушысы сот шешіміне шағымдануға ниетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная