Фото:Sky News Фото:Sky News

Ұлыбританияда пилотсыз ұшақтарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай салынады


Ұлыбританияда Ковентри қаласының маңына пилотсыз ұшақтарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SkyNews басылымына сілтеме жасап.

Ел билігі пилотсыз ұшақтар көмегімен жүк және жолаушы тасымалына қызмет көрсететін орталық құру үшін 1,2 миллион фунт стерлинг (695 миллион теңге) бөлді.

"Әуе тасымалында өзіндік инфрақұрылымы бар жаңа нысан пайда болды. Жолаушының рейске тапсырыс беруге, нысанға кіруге, салонға өтуге мүмкіндігі болуы қажет", - деді Urban Airport компаниясының төрағасы Рики Сандху.

Air One орталығы Ковентри қаласының солтүстігіндегі Ricoh Arena стадионының жанында орналасады деп хабарланған. Әуежайды 2021 жылдың қараша айында Ұлыбританияның мәдени қаласы саналатын Ковентриге арналған мерекелік шаралар аясында ашу жоспарланды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Air One тарихтағы ең кішкентай әуежай болады. Ол өте ықшам жасалған, сондықтан оны ірі және шағын қалаларда да салуға болады.

Жобаны жасаушылардың айтуынша, пилотсыз ұшақтар электр қозғалтқыш арқылы жұмыс істейді және көмірқышқыл газын шығармайды. Алдағы бес жылда әлемде осындай 200-ге жуық әуежай салынады деген жоспар бар. Ал пилотсыз ұшақтар тасымалы үйреншікті жағдайға айналады.

Айта кетейік, бұған дейін пилотсыз ұшақтарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай Қытайда салынатыны айтылған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты әуежай құрылысын тоқтататуға тура келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстандықтар Шри-Ланкаға келетін туристердің көшін бастады Қазақстандықтар Шри-Ланкаға келетін туристердің көшін бастады
"Жаман еді, одан да нашарлады" - IATA әуе тасымалының жағдайы туралы "Жаман еді, одан да нашарлады" - IATA әуе тасымалының жағдайы туралы
Еуропалық әуежай жолаушылар үшін "пандемия салығын" енгізді Еуропалық әуежай жолаушылар үшін "пандемия салығын" енгізді