Ұлыбританияда карантин кезіндегі алғашқы рұқсат берілген концерт өтті

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында 5 мың адам қатысқан сынақ концерт өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға көрермендер маскасыз келді. Әлеуметтік қашықтық та сақталмады.

Бұл концертті үкімет елде бұқаралық іс-шараларды өткізуді қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырды. Осы арқылы билік қоғамдық шарада вирустың қалай тарайтынын тексермек. Осы себепті шараға ПТР-тест тапсырып, вирусты жұқтырмағаны анықталған адамдар кіргізілді. Бірақ олар концерттен кейін 5 күн өткен соң тағы тест тапсыруы тиіс болады.

Реклама
Реклама

"Концертке мыңдаған адам жиналады деп ойламаппын. Барлығы бетпердесіз жүр. Шараға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл жазда өзге фестивальдерді өткізуге септігін тигізеді деп үміттенімін", - дейді жергілікті студент Гарри Каст.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!