@Shutterstock @Shutterstock

Украинада "Спутник V" алған туристердің кіру шарттары айтылды


Украинаға "Спутник V" алған туристер карантинсіз және теріс ПТР-сынағы туралы анықтамасыз кіре алмайды. Бұл туралы Украина мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Андрей Демченко мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Украинаға кіру үшін сіз 10 күндік оқшауланудан өтуіңіз немесе ПТР-тестін тапсыруыңыз керек. Бұл талап "Спутник V" салдырған туристерге де міндетті, өйткені бұл вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мойындамады.

"Бұрын белгіленген ережелер қолданыла береді. Украина Ресейдің "Спутник" вакцинасын танымайды. Вакцина тек ДДҰ бекіткен болуы керек", - деді Демченко"Дом" телеарнасында.

Бүгінгі таңда ДДҰ коронавирусқа қарсы мына вакциналарды мақұлдады: Pfizer-BioNTech шығарған Comirnaty; AstraZeneca/Oxford, сондай-ақ оның әріптесі Covishield; Sinovac Biotech шығарған CoronaVac; Johnson & Johnson шығарған Janssen; Sinopharm шығарған moderna және BBIBP-CorV шығарған mRNA-1273.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды