Үгітілген жанартау мен мүлгіген мұхит. Қара және Ақ шөлдер туристерді несімен қызықтырады?

Каирден бірнеше сағаттық жолда Мысырдың екі көрнекті жері - Қара және Ақ шөл бар. Миллиондаған жылдар бұрын олардың бірі мұхиттың түбі болса, екіншісі жанартау атқылаған жерде пайда болған. Бір-біріне жақын орналасқан құмды далалар саяхатшыларды ерекшелігімен қызықтырмай қоймайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы қара және ақ құмдардың қыр-сырымен бөліседі.

Қара және Ақ шөлдер Батыс шөлінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ол сондай-ақ, ұлы Сахара шөлінің бөлшегі болып табылады. Ақ шөл Каирден шамамен 500 шақырым қашықтықта орналасқан, ал Қара шөл астанаға 100 шақырым жақын.

Әдетте гидтер Ақ шөлге бірнеше күндік турлар ұсынады, оған жол Қара шөл арқылы өтеді. Саяхатшылар жол талғамайтын көліктермен жүреді. Шөлге қарашадан наурызға дейін барған дұрыс.

Қара шөл

Қара шөл Бахария оазисіне жақын жерде орналасқан. Бір кездері бұл жерде таулар болған, ал үлкен Туфу жанартауы сол кезде долерит деп аталатын қара материал атқылап тұрған. Уақыт өте келе таулар құлап, шөлді қара ұнтақ пен тастар жабады. Сондықтан шөлді Қара деп атап кеткен.


© Shutterstock

Сарғыш құм жолақтары төбелердің қара толқындарын кесіп өтеді. Ашық сары құм мен қара тастар алуан түрлі болып көрінеді.

© Shutterstock

Қара шөлдің ең биік нүктесі - Ағылшын тауына шығу арқылы сіз айналаның таңғажайып көрінісін тамашалай аласыз.

"Түнерген аймақ" фотографтар арасында өте танымал, өйткені жарық пен көлеңке, шексіздікпен бірге, мұнда керемет көріністер қалыптастырады.

© Shutterstock

Егер сәтін салып жатса, онда қара жамылғының арасынан сіз "тауық құдайларын" таба аласыз. Бұл су ағып жатқан табиғи шығу тесігі бар кішкентай тастар. Оларға жануарлар мен үйлерді зұлым күштерден қорғау қасиеттері жатады.

Ақ шөл

Ақ шөл Қара шөлден кейін жатыр. Ол Ескі патшалықтың қолжазбаларында айтылған Фарафра оазис-қаласына дейін созылып жатыр (III-VI династия перғауындарының дәуірін қамтитын кезең: б.з.д. 2707 - 2639 жж. мен б.з.д. 2152 - 2150 жж дейін.)


© Shutterstock

Шөлдің ақ беті күн сәулесімен шағылысады. Осының әсерінен күндізгі шөлді түрлі-түсті бояуға малынады.


© Shutterstock

Бұл шөл 300 шаршы метр шағын аумақты алып жатыр. 2002 жылдан бастап ол Мысырдың ұлттық саябағы болып жарияланды. Кіру ақылы.


© Shutterstock

Миллиондаған жылдар бұрын Ақ шөлдің орнында мұхит болған. Қазір ежелгі мұхиттың түбі - кілегейлі ақ құмды беткей. Үлкен әктас түзілімдері бүкіл ұзындығы бойынша ежелгі теңіз организмдерінің қалдықтарына толы. Жел үйіндіні кесіп, әртүрлі етіп жасағаны соншалық, сіз биіктігі 10-12 метрге дейінгі саңырауқұлақнемесе гүл пішіндерін көре аласыз.


© Shutterstock

Саябаққа кіре берісте "шөл жауһары" - Кристалды тауы бар.

Жергілікті тұрғындар осы тау минералдарын зерттеушілер ашқанша, бірнеше жыл бойы жол салу үшін пайдаланды. Кейінірек Кристалды тауы қорғауға алынды. Бүгінде бұл жер экскурсияда көрер басты орын болып саналады. 


© Shutterstock

Жолда нені тамашалауға және дәмін көруге болады

Қара шөлге барар жолда туристер Бахарияға тоқтай алады. Ол алты шағын оазистен тұрады және Каирден 340 шақырым жерде орналасқан.

Кезінде Бахария астана үшін шараптар мен азық-түліктердің маңызды жеткізушісі болған. Шөлден өткен керуендер осында тоқтайтын. Қазір оазис орталығы - Бавити ауылы - сазды үйлері, зәйтүн ағаштары мен құрма пальмалары бар және тек бір ғана көшесі бар орталық. Жергілікті тұрғындар - бедуиндер туристерге өте жомарт және мейірімді.

Жергілікті көрікті жер - Алтын Мумия аңғары. 1999 жылы ғалымдар грек-рим қорымынан 200 қорым тапты. Қабірлерде зергерлік бұйымдар болған, ал кейбір жерленгендердің беті алтын бетперделермен жасырылған. Сондай-ақ, Бавити этнографиялық музейінде мумия мен алтыннан жасалған артефактілерді көруге болады.

Некропольды (үлкен қорым) ежелгі заттар бөлімінің инспекторының келісімімен аралауға болады. Ең қызықтысы - Баннентиудың мазары. Ол 26 әулеттің билігінен жатады (б.з.д. 664-525). Қабір төрт тағанды бағандардан тұратын төртбұрышты бөлме. Кіреберіске қарсы қабырғада жерлеу бөлмесіне апаратын тар жол бар. Қабірдің үй-жайы сапалы бедермен бай безендірілген.

© agentika.com

Сондай-ақ, Бавитиде саяхатшыларға Александр Македонский храмының қирандыларын тамашалау ұсынылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 332 жылы ол Мысырға сапар шегеді, Сиуа оазисінен Амон сәуегейден келе жатып, қолбасшы өзінің құрметіне осы ғибадатхананы салуға бұйрық береді.


© agentika.com

Ғибадатхана оазистің ең керемет нысаны - Македония патшаларының құрметіне тұрғызылған Мысырдағы жалғыз ғимарат. Ғибадатхана Александр ұлымын деп санайтын Гора мен Амон құдайларына қызмет ету үшін тұрғызылды. Бүгінгі таңда алып ғимараттың тек қирандысы ғана қалған.

Мұнда туристер жерден атқылаған термалды бұлақтарға бара алады. Мұнда олардың саны 400-ден асады. Судың температурасы 50-60 градусқа дейін жетеді. Кейбір судың ерекше емдік қасиеттері бар. Ішуге болатындары, жүзуге арналғандары да бар. Туристерге ыңғайлы болу үшін моншалар салынған.

Қарапайымдылығына қарамастан, Бахарияда түнегуе болатын көптеген орындар бар - сіз қонақүйлерде, қонақ үйлерде, кемпингте түней аласыз.

Сондай-ақ, Бахарияда тамақтану орындары аз. Қонақүйде тамақтанған дұрыс. Негізінен жергілікті тағамдар ұсынылады. Дәстүрлі бедуин тағамдары қызыл тұздықпен дәмделеді. Әдетте олар картоп немесе күрішпен тауық етін, пита және тәтті шай ұсынады.


© Shutterstock

Қалай жетуге болады

Air Astana сейсенбі мен жұма күндері Алматыдан Хургадаға, ал сәрсенбі мен сенбіде Нұр-Сұлтаннан тікелей рейстер жасайды. Сондай-ақ, қазақстандықтардың Шарм-эль-Шейхке ұшу мүмкіндігі бар. Екі курорттық қаладан турист Мысыр астанасына жете алады, оның ішінде ұшақпен де тікелей рейстер бар.

Содан кейін Каирден Бахарияға жету керек. Шөл далада жолсыз жүру үшін арнайы техника қажет, сондықтан жүргізушімен бірге жол талғамайтын көлікті жалға алған дұрыс. Шөлде өз бетіңізбен жүруге болады, бірақ оның барлық әдемі жерлерін көру үшін сізге гидтің қызметі қажет болады.

Ақ шөлде түйелермен жүретін көпкүндік турлар да ұйымдастырылады. Джиптерді немесе түйелерді Каирдегі туристік агенттіктерден де, жақын оазистерден де жалдауға болады.


© Shutterstock

Бағыттары әртүрлі. Мысалы, Каир - Бахария оазисі - Қара шөл, Ақ шөл - Эль-Аламейн - Александрия, Каир - Бахария оазисі - Фарафра оазисі - Дахла оазисі - Харга оазисі - Қара шөл - Ақ шөл - Ніл саяхаты.

Бір уақытта екі шөлге де бару мүмкін емес, сондықтан Бахарияда түнеуді жоспарлаған дұрыс. Айтпақшы, кейбір гидтер бәдәуи лагерлерінің бірінде жұлдыздарды тамашалап, шөл далада түнеуді ұсынуы да мүмкін.


© Shutterstock

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.