Туроператорлар 2021 жылы саяхаттың жаңа түрінің пайда болуын болжайды

2021 жылы саяхаттың жаңа түрі пайда болады, яғни COVID індетінен кейінгі саяхат деп болжайды туроператорлар. Олар коронавируспен ауырып, емделіп шыққандардың денсаулығын қалпына келтіруге және инфекцияның алдын алуға арналады.

"Адамдар тұрғылықты жеріне жақын орналасқан курорттарға барады. Көптеген курорттар ковидтан кейінгі қалпына келтіру бағдарламаларын енгізеді. Олар 10 күннен басталады, бірақ екі аптадай болу қажет", - дейді "Розовый слон" туристік агенттігінің бас директоры Алексан Мкртчян. Ол қалпына келтіру бағдарламасына оңалту курстары, иммундық жүйені және жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайту ем-шаралары кіретіндігін айтты.

Сарапшының айтуынша, бұл үрдіс әлем коронавирусты жеңгенше жалғасады. Қазіргі уақытта мұндай бағдарламалардың бағасы бір адамға күніне 33 мың теңеден басталады.

Урал туристік қауымдастығының жетекшісі Михаил Мальцев атап өткендей, осындай тенденция Ресейге Еуропадан келді және шекаралар ашылған кезде кең таралады. "Тақырып әлі жаңа, бірақ осыған ұқсас бағдарламалар Болгарияда, Словакияда, Германияда дайындалып жатыр", - дейді маман.