Түрме не өлім жазасы: туристерге Таиландтың 10 заңы туралы ескертілді

pixabay.com

Таиландтың көптеген турист тіпті бар екенін білмеген оғаш заңдары іс жүзінде әзіл емес, нақты түрмеге айналуы мүмкін. Туристерге мұндай талаптардың "ондығын" Тhe Thaiger журналы ескертті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиландтың көптеген турист тіпті бар екенін білмеген оғаш заңдары іс жүзінде әзіл емес, нақты түрмеге айналуы мүмкін. Туристерге мұндай талаптардың "ондығын" Тhe Thaiger журналы ескертті.

Қоғамдық орындарда іш киімсіз жүрмеңіз

Туристер мен жергілікті тұрғындарға іш киімсіз көпшілік алдында көрінуге тыйым салынады. Алайда, бостандықты сүйетіндер мен әуесқойлар қысқа белдемше, кең шорт, дене көрініп тұратын майка мен топиктер киеді.

Реклама
Реклама

Көлікті жалаңаш жүргізуге болмайды

Таиландтағы температура ыстық, ылғалды және құрғақ болуы мүмкін, яғни көптеген турист жағажайда жүргендей көйлексіз серуендеуге бейім. Алайда, егер сіз жалға алынған көлікті немесе велосипедті киімсіз жүргізсеңіз, патшалықтың кейбір аймағы дресс-кодты сақтамауды ауыр құқық бұзушылық деп санайды.

Тай валютасын баспаңыз

Таиландта қай жерде болсаңыз да, әдемі түнгі көшелер мен тротуарларды аралап жүрсеңіз де, тіпті жағажайға барсаңыз да, демалушыларға монархтың беті бейнеленген тай ұлттық валютасы - баттар мен сатангты байқаусызда басып қалмас үшін аяқа астына қарап жүру керек. Бұл қылмыс және патшаны құрметтемеу ретінде жіктеледі.

Монархияны құрметтеу

Lese Majeste - 1908 жылы күшіне енген Таиландтағы ең көне заңдардың бірі. Елде король отбасына, тіпті оларды бейнелеуге қарсы заңсыз қорлау, қудалау немесе қорқыту қатаң жазаланады. Мұндай әрекеттер үшін турист темір тордың артында 15 жылға дейін, кейде одан да көп уақыт отыруы мүмкін. Саяхат туралы кеңес: Таиландқа барған кезде король отбасы туралы әзіл-қалжыңнан немесе кез келген сыннан аулақ болуға тырысыңыз.

Қоқыс тастамаңыз

Таиландта қоқыс тастау - жағажайда, қалада немесе тротуарда серуендеу кезінде ауыр қылмыс. Бұл таңғаларлық заң болмауы мүмкін, бірақ бұл тармақтың рейтингке енуінің себебі жазаның ауырлығында: құқық бұзушылар үлкен айыппұл төлейді немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады.

Микрофонды немесе дауыс зорайтқышты пайдаланбаңыз

Таиландтағы тағы бір оғаш және ерекше заң, егер микрофон немесе дауыс зорайтқыш сияқты күшейткіш құрылғы қолданылса, ешкімнің тай тілінен басқа тілде сөйлеуге құқығы жоқ екенін айтады. Егер демалушылар біреудің орыс/ағылшын немесе тай тілінен басқа тілде сөйлейтінін естісе: "бір рет" немесе "байланысты тексеру", онда олар байқаусызда бір айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін ауыр құқық бұзушылықтың куәсі болады. Бұл бірегей заң тек діни рәсімдерге, мемлекеттік іс-шараларға және концерттерге жатпайды.

Туды көрсетпеңіз

Жалынды патриоттарға арналған: Таиландтағы қоғамдық орындарда өз елінің жалауын іліп қоюға және алып жүруге заңмен тыйым салынған. 1979 жылғы ту туралы заңға сәйкес, егер турист шетелдік туды желбіретіп немесе көтеріп ұстаса, оны түрмеге жіберуге болады. Елдердің туын көтеруге тек елшіліктер мен дипломатиялық резиденцияларға рұқсат етіледі.

Сіз карта ойнай алмайсыз

Елде құмар ойындар заңсыз болып саналады. Заңды бұзғаны үшін турист түрмеге 10 жылға дейін қамалуы мүмкін және үлкен айыппұл төлеуге міндетті болады. Тыйым ат жарысы ставкаларына немесе үкімет қаржыландыратын Тай лотереяларына қолданылмайды. 1943 жылғы ойын картасы туралы заңға сәйкес билік 120-дан астам карта ойындарына тыйым салды. Туристерге кеңес: жағажайға карта алмаңыз.

Будданың мүсіндерін немесе бейнелерін рұқсатсыз елден шығару заңсыз

Әлбетте, бұл заң орындаудан гөрі бұзушылықта көрінеді. Нені есте сақтау керек? Саяхатшылар қасиетті Будданың бейнесін чемоданға жабыстыруды немесе ішіне мүсіншені салуды ойласа, қамауға алынып, түрмеге жабылуы мүмкін. Діндар буддистер үйді Будда мүсіндерімен безендіруді де жаман деп санайды.

Қажет емес жерде алкоголь ішпеңіз - мұндай орындар көп

Ғибадат ету орындары немесе храмдар, мемлекеттік органдар, оқу орындары, жанармай құю бекеттері, ауруханалар мен қоғамдық саябақтар – бұл жерлерде мас болған туристер бірнеше ай түрмеде отыруға жазаланады. Заңды бұзғаны үшін - алты айға бас бостандығынан айыру және 10 000 батқа (125 174 теңге) дейін айыппұл жазасы қолданылады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная