Түріктің екі қаласы турист қабылдаудан рекорд онатты

© pixabay.com/yusufk53

2023 жыл Түркияның туризм саласы үшін табысты жылдардың бірі болды. Былтыр Түркияның Анталья және Каппадокия қалалары турист қабылдаудан рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жыл Түркияның туризм саласы үшін табысты жылдардың бірі болды. Былтыр Түркияның Анталья және Каппадокия қалалары турист қабылдаудан рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Каппадокия провинциясының губернаторы Невшехир Али Фиданның сөзінше, өзінің орналасқан жері мен әсем табиғатының арқасында Каппадокия саяхатшылардың сүйікті орындарының бірі болып қала береді.

"ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Каппадокия Түркияның дамуы мен экономикасына елеулі үлес қосып келеді. 2023 жылы туристік аймаққа келушілер саны 4 826 662-ге жетті. Бұл - ең жоғары рекордтық көрсеткіш", - деді Фидан.

Реклама
Реклама

Бір жыл бұрын, яғни 2022 жылы Каппадокияға 4 192 070 турист барған екен.

Каппадокиямен бәселес қалалардың бірі әрі бірегейі - Анталья қаласы. Былтыр Антальяда демалған шетелдіктер саны 15 689 258 адамға жетіп, рекорд орнатылды. Өңірлік мәдениет және туризм басқармасы деректеріне сәйкес бұған дейінгі рекорд 2019 жылы тіркелген. Коронавирус пандемиясына дейін Антальяға 15 280 763 шетелдік турист келген көрінеді.

Антальяға көп келетін шетелдік қонақтар рейтингінде Польша, Ресей, Германия, Ұлыбритания көш бастап тұр. Мәселен былтыр Антальяға 3 363 510 германиялық, 3 461 762 ресейлік, 1 318 215 ұлыбританиялық, 1 068 150 польшалық келіп демалған. ТОП-10 елдер қатарына Қазақстан, Нидерланды, Румыния, Чехия, Израиль және Украина енген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная