Түркияның үздік қонақүйлері аталды

Түркияның үздік үш қонақүйі ретінде Arum Barut Collection, TUI Blue Palm Garden және Hotel Melas Resort танылды. Мұндай мәліметті қонақүйлерді бағалау және брондау бойынша еуропалық HolidayCheck порталы жариялады.

Үздік бестікке Lara Barut Collection және Delphin Deluxe Resort қонақүйлері енген. Ал қазақстандық туристер арасында танымал Rixos Premium Belek алтыншы орынды қанағат тұтты. Жетінші орынға Hotel Thalia Unique жайғасты. Үздік ондыққа Concorde De Luxe Resort, Voyage Belek Golf & Spa және Hotel Botanik Platinum енген.

Мамандар рейтингті жасау үшін шамамен 623 мың пікірді саралаған.