Түркияның Афьонкарахисар провинциясында тасжолда автобус аударылып, салдарынан сегіз адам қаза тапты. Сондай-ақ кемінде 35 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TGRT телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, автобус Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбақырдан батыстағы Бодрум курортына бара жатқан.
"Жол-көлік оқиғасы Афьонкарахисар провинциясындағы Динар ауданындағы Хайдарлы ауылының маңында болған. Жүргізуші көлік басқаруды игере алмаған. Жол апаты салдарынан 8 адам қаза тапты, 35 адам зардап шекті. Тағы үш адам автобуста қалып қойған, оларды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді телеарна тілшілері.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!