Түркия елінің курорттары қазақстандық туристердің ғана емес, бүкіл әлем бойынша танымалдылыққа ие. Егер шетелден келгендер шулы жерде уақыт өткізгісі келсе, жергілікті тұрғындар тыныш орындарды таңдайды. Tengritravel.kz сайты Travel Rambler басылымымен бірге Түркия азаматтары өз елінде қай демалыс орындарын таңдайтынын баяндайды.
Түркиялықтар сапа мен баға сәйкестігіне қадалып қалмаған, "Бәрі ішінде" қызметінің артынан қумайды. Олар аса танымал емес орындарда демалады екен.
Олюдениз немесе Өлі теңіз
Түркиядағы танымал емес курорт және өте тыныш жер. Кішігірім мүйісі мен көгілдір келген мөлдір суымен белгілі. Бұл жерде су да, жағажай да таза.
Бұл жердің жалғыз кемшілігі - туристтік инфрақұрылымның жоқтығы. Мұнда қонақүй аз және ағылшын мен орыс тілін білетін қызметкерлер жоқ. Сондықтан мұнда келсеңіз, түрік тілін меңгеріп алған жөн.
Измир
Жергілкті халық Эгей теңізінің жағасындағы бұл тарихи шаһарға тек жағажайында демалу үшін емес, мәдени бағдарлама үшін де келеді. Өйткені Измирде фестивальдер мен концерттер көп өтеді. Сонымен бірге мұнда опера және балетке баруға болады. Оның үстіне көне шаһардың көрнекі орындарын да тамашалай аласыз. Ал мұндағы жақсы жағажайлар тек қала сыртында.
Бодрум
Бұл курорттан екі түрлі демалушылар өзіне керегін табады. Бодрумда барлар мен түнгі клубтар да жетерлік. Сонымен қоса, көне құрылыстарды да тамашалайтындар үшін де тарихи орындар жеткілікті.
Ал белсенді демалысты ұнататындарды Гюмбет мүйісінен көптеп кездестіре аласыз. Бұл ұзақ уақыттан бері серферлердің сүйікті орнына айналған, өйткені мұнда толқындар жақсы көтеріледі.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.