Түркияның 5 жұлдызды қонақүйінде өрт шықты

Жерорта теңізінің түркиялық жағалауында орналасқан курортты Сиде қаласындағы Pemar Beach 5* қонақүйінде өрт шықты. Бұл туралы қонақүй демалушылары әлеуметтік желіде жазды. Өрт салдарынан ешкім қатты жарақат алмаған. Сонда тұрып жатқан туристерді басқа қонақүйлерге орналастырған. 

Осы қонақүйде отбасымен бірге демалып жатқан Ирина Давыдованың айтуынша, өрт таңғы уақытта басталған.

"Таңғы төртте жарық сөнді және қызметкерлер есіктерді ашып, адамдарды көшеге шығара бастады. Аумақ түтіндеп кеткен. Біз теңізге жақын номерде едік, сондықтан бізге сыртқа шығу оңай болды. Ал дәлізбен шыққандар біраз әбігерге түсті. Барлығы айғайлап, туыстарын іздеп жатты. Алапат өрт маңында болғандар дәрігерлерге қаралып жатты", - дейді Ирина Давыдова.

Оның айтуынша, қонақүйдің тұрғындары су, тағамдар берілген. Таңғы аста сыртта ішкен. Кейін басқа қонақүйге көшу үшін ересектерге өз номерлеріне кіріп, заттарын жинауға рұқсат берген.