Түркияның 28 қаласында боран соғады

Түркияның 28 қаласында оның ішінде Ыстамбұлда таяу күндері боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді. Бұл туралы Түркияның төтенше жағдай департаментінің өкілдері ескертті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Ведомство ескертуінде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтауы мүмкін екені айтылады және адамдарды абай болуға шақырады.

Ауа райының бұзылуы қатты желмен, нөсер жауын және найзағайға ұласады.

"Боран салдары Ыстамбұлдың еуропалық және азиялық бөліктерін жалғайтын Босфор және Дарданелла бұғаздарында пароммен қатынау жұмысына әсер етуі мүмкін", - делінген департамент таратқан хабарламада.