Түркияның 13 ең әдемі бақылау алаңына саяхат

Бақылау алаңы - бұл турист үшін жаңа аймақты алақанға салғандай көре алатын мүмкіндік. Түркияда мұндай алаңдар көп. Олардың арасында таңғажайып көрініс ашылатын табиғи төбелер, мыңжылдық құпиясы бар тарихи мұнаралар, инновациялық шыны жеделсатылар, террасалар мен фуникулерлер бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Түркиядағы осынау ғажайып жерлер туралы баяндайды.

Пьер Лоти төбешігі

Алтын Мүйізді әлемнің таңғажайып табиғи айлағы деп атайды. Бұл Ыстамбулдың бетке ұстар аймағы. Оның атауы суының түсіне байланысты, күн батарда суы алтын түске боялады. Алтын Мүйіздің көрінісін тамашалау үшін Пьер Лоти төбешігіне шығу қажет. Бұл теңіз деңгейінен 53 метр биіктікте орналасқан мегаполистегі ең жақсы бақылау алаңдарының бірі.

Ыстамбулдың әдемі көрінісін сіз француз теңізшісі және жазушысы Джулиен Вио сияқты (өмір сүру жылдары 1850-1923) кафенің ағаш үстелінде отырып-ақ тамашалай аласыз. Ол экзотикалық елдердегі өмір жайлы Пьер Лоти бүркеншік есімімен жазылған колониялық романдарымен танымал еді. 1920 жылы жазушыға "Ыстамбұлдың құрметті тұрғыны" атағы берілді, төбедегі көше мен кафеге оның есімі берілді. Кейінірек бақылау алаңы да, төбенің өзі де оның есімімен аталды.


Пьер Лоти төбешігіндегі кафе, фото © Shutterstock

Төбеге 36CE, 44B және 99 автобустарымен, сонымен қатар Эминеню пирсінен пароммен жетуге болады. Аспалы жол бақылау алаңына апарады. Ол күн сайын таңғы сегізден кешкі онға дейін жұмыс істейді. Жол ақысы "Истанбулкартпен" бір реттік саяхат ретінде төленеді. Үш минут ішінде "аспалы жолдың" көмегімен сіз 384 метр қашықтықты еңсересіз.


Пьер Лотиден көрініс, фото © Shutterstock

Пьер Лотиде сіз сонымен қатар Түркиядағы мұсылмандар үшін ең маңызды қасиетті орын - Эйюп Сұлтанның мешіті мен мазарына баруға болады. Мұсылман ғибадатханасының іші таңғажайып, әрі жағымды.


Эйюп Сұлтан мешіті, фото © Shutterstock

Галата мұнарасы

Галата мұнарасы Ыстамбұлдың басты орындарының бірі болып саналады, бұл қаладағы ең танымал ғимараттардың бірі. Мұны қаланың орталық бөлігінің барлық нүктелерінен көруге болады.

Кезінде мұнара орнында VI ғасырда салынған шамшырақ болған. Генуалықтар бұл жерді Византиядан тартып алып, өз колонияларын құрғаннан кейін 1341 жылы оның айналасына қорғаныс қабырғаларын тұрғыза бастайды. 1348-1349 жылдары төбенің үстінде осы күнге дейін жеткен мұнараны тұрғызады.


Галатская башня, фото © Shutterstock

Туристерді мұнараның тарихы ғана емес, оның 67 метрлік биіктігі де қызықтырады. Жетінші қабатқа жеделсатымен жетуге болады, тағы екеуіне баспалдақпен көтерілу керек.

Бақылау алаңы кешкі сегізге дейін ашық. Сағат 11-ден 15-ке дейін мұнара алдында үлкен кезектер болады. Сондықтан, күннің батуын тамашалау үшін осында келген дұрыс.


Галата мұнарасынан көрініс, фото © Shutterstock

Мұнараға жету үшін трамвайға мініп, Қаракей аялдамасына дейін жетіп, ары қарай фуникулермен жүру керек. Бақылау алаңына кіру 45 лираны құрайды (шамамен 2 277 теңге), алты жасқа дейінгі балалар ақысыз кіре алады.

"Сапфир"

"Сапфир" зәулім үйі - Түркиядағы ең биік ғимарат. Ол Бұйықдере даңғылында орналасқан. Оның биіктігі 261 метр. Ғимарат 66 қабатты. Бұл бизнес орталық болып табылады. 52-қабатта бақылау алаңы бар. 236 метр биіктіктен Стамбул алақандағыдай көрінеді. Келушілер мұнда күн батқан кезде көтерілудің тамаша екенін айтады. Түнде қаланы да осы жерден көруге болады. Көріністі толық тамашалайтындар үшін террасада кафе бар.


"Сапфир" ғимараты, фото © Shutterstock

Сондай-ақ, туристер "Сапфирді" кинотеатры мен виртуалды аттракционы үшін жақсы көреді, соның арқасында келушілер мегаполистің негізгі көрікті жерлерін виртуалды 4D тікұшақпен саяхаттап тамашалай алады.

Кіру ақылы, бірақ келушілер саны ешқашан азаймайды. Ересектерге арналған билет құны 38 лира (шамамен 1923 теңге); студенттер үшін - 32 лира (1619 теңге); ересектерге арналған Skyride 4D Istanbul бақылау алаңы мен аттракционына билет - 55 лира (2783 теңге), студенттер үшін - 45 лира (2277 теңге); бөлек аттракцион Skyride 4D Istanbul (55-қабаттағы кассада) ересектерге - 21 лира (1062 теңге), студенттерге - 18 лира (911 теңге).


"Сапфир" ғимаратынан көрініс, фото © Shutterstock

Сіз бизнес-орталыққа М2 метро желісі бойынша 4. Левент станциясына дейін бара аласыз.

Улус саябағы

Улус - Стамбулдағы ең бай және сәнді аудандардың бірі. Мұнда осы аттас саябақ орналасқан, ол жергілікті тұрғындар мен туристерді қызықтырмай қоймайды. Биік төбеден сіз Ыстамбұлдың азиялық жағалауы мен Босфордың көрінісіне тамсана аласыз. Осы жерден Галатасарай аралы мен Селимие казармасының әсем көрінісі ашылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? Istanbul ?? (@istanbulnotconstantinopolis)

Саябаққа кіру тегін. Туристердің жайлылығы үшін көптеген ойын алаңдары, кафелер, барлар мен мейрамханалар бар. Саябаққа жету үшін 40, 40T, 42T автобустарымен Таксим алаңынан "Кабатас Лисеси" аялдамасына дейін барыңыз. Содан кейін 57UL немесе U1 автобустарына ауысыңыз.


Улус саябағынан көрініс, фото © Shutterstock

Абдул-Мәжид сұлтанның сарайы

Ыстамбұлға келген кез келген қонақ Топқапы сарайын көруге тырысады. Мұның себебі - Сұлтан Абдул-Мәжидтің зәулім үйінің ішкі безендірілуіне деген қызығушылық. Мұнда бақылау алаңы да бар.


Абдул-Мәжид сұлтанның сарайы, фото © Shutterstock


Фото © istanbul.lpsphoto.us

Сарайға автобусқа отырып - Таксим алаңынан "Эминеню" аялдамасына дейін, содан кейін Т1 трамвайына ауысып, "Гүлхан" станциясына жетуге болады.

Сулеймание мешіті

Фатих ауданы ежелгі сәулет ескерткіштерінің көптігімен әйгілі, оның бірі - Сулеймание мешіті. Сүлеймание мешітіне барудың ең жақсы тәсілі - профессор Сиддик Сами Онар көшесі арқылы, мұнда көптеген түрік және еуропа асханалары бар кафелер, сонымен қатар шағын орындықтары бар жайлы саябақ аймағы.


Сулеймание мешіті, фото © Shutterstock

Мешітте төрт мұнара бар, төртеу сұлтанның бұйрығымен салынған мешіттерге ғана рұқсат етіледі. Мұнараларда барлығы 10 галерея немесе балкон бар, бұл Ұлы Сүлейменнің 10-шы Осман сұлтаны болғандығын көрсетеді.

Туристер балкондардың біріне шығу арқылы Босфордың таңғажайыптарын және Алтын мүйіз шығанағын көре алады. Сондай-ақ, осы жерден "нағыз" Ыстамбұлды көруге болады, оның ыңғайлы орналасқан кішігірім кеөшелері, шатыры ерекше үйлерді және басқа да мешіттердің күмбезін тамашалауға мүмкіндік бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marele McDonald (@mareleq_mcd)

Мешітке кіру тегін. Ол күн сайын таңертеңгі тоғыздан 15.45-ке дейін жұмыс істейді, намаз уақыты 12.30-дан 13.45-ке дейін.

Бақылау алаңына Таксим алаңынан №87 автобуспен немесе "Эминеню" аялдамасына дейін жүретін трамваймен жетуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yuliia (@yuliia2610)

Отагтепе төбешігі

Бейкөз аймағында жылыжай бар, онда әлемнің әр түкпірінен әр түрлі өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі өседі. Қала тұрғындары мен қонақтары осында кең аумақты аралап, өсімдік әлеміне сүйсіну үшін келеді. Бірақ бұл мұнда келуге тұрарлық жалғыз себеп емес.


Отагтэпэ саябағы, фото © Shutterstock

Саябақ биік тауда орналасқан. Осы жерден Ыстамбулды барлық сән-салтанатымен тамашалауға болады. Биіктен ежелгі бекіністер мен заманауи зәулім ғимараттарды көруге болады. Саябақта серуендеу үшін алдымен Үскідар пирсіне жету керек, төбешікке қоғамдық көлік те барады.


Отагтэпэ төбешігінен көрініс, фото © Shutterstock

Янарташ тауы

Янарташ тауы ежелгі Олимпос қаласынан жеті шақырым жерде, Кемерден 40 шақырым қашықтықтағы Чирали ауылының жанында орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от мой взгляд на всё вокруг (@lerka_sonne)

Мұнда Гефест ғибадатханасының қирандыларын көруге, сондай-ақ панорамалық көріністі тамашалауға келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Demir Travel's (@demirtravels)

Таудың етегінде арнайы билет кассалары бар. Жартасты баспалдақтардан өтіп, сіз кешке ашылатын таңғажайып көріністің куәсі бола аласыз. Ғалымдар түсіндіргендей, табиғи газ таудың ішінде жиналады, ал жер бетіне шыққанда қараңғыда жалынның тілдері байқалады. Туристер бұл табиғаттың ғажабын көру үшін осында келеді.


Янарташ тауындағы өздігінен жанатын от, фото © Shutterstock

Сіз мұнда өз бетінше де, ұйымдастырылған экскурсиялық топпен де келе аласыз.


Янарташ тауынан көрініс, фото © Shutterstock

Анталиядағы сағат мұнарасы

Анталия сағат мұнарасы ескі қаланың кіреберісінде тұр. Бұл қала орталығындағы көрнекті ғимарат. Бақылау алаңы мұнараның периметрі бойынша орналасқан, 360 градус көріністі ұсынады. Осы жерден сіз мешіт пен Таурус тауларын көре аласыз. Кешке жарық жанған кезде осында келу қажет.


Фото © Shutterstock

Мұнараға кіру ересек адам үшін 25 лира (1265 теңге), ал бала үшін 10 лира (506 теңге) тұрады. Мұнараның алдында билейтін субұрқақтары бар, демалушылар онда суретке түсе алады. Сейсенбіде туристерге базардан дәмдеуіштер мен көкөністер сатып алуға мүмкіндік беріледі. Мешіт, Адриан қақпасы және ежелгі қала қабырғалары мұнараға жақын орналасқан.


Сағат мұнарасынан көрініс, фото © Shutterstock

Түнектепе бақылау алаңы

Анталияның батыс бөлігінде 2017 жылы заманауи фуникулер ашылды - теңіз деңгейінен 618 метр биіктікте орналасқан Түнектепе тауына аспалы жол. Егер ауа-райы қолайлы болса, сіз бақылау алаңдарынан таңғажайып ландшафттары бар керемет фотосуреттер түсіре аласыз.

Аспалы жолдың ұзындығы 1706 метр. 10 минут ішінде тауға көтерілуге болады. Бұл уақыт жағалау мен таудың панорамалық көріністеріне биіктен қарау үшін жеткілікті.


Тюнектепедегі аспалы жол, фото © Shutterstock

Қазір аспалы жол жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, билеттер 17.30-ға дейін сатылады. Фуникулер Анталияның шетінде - Сарысу аймағында Sarisu Halk Plajı қоғамдық жағажайының жанында орналасқан. Анталия орталығынан мұнда KC06, VS18 EKP, SD20, SD20A, KF52, KM61 автобустары жүреді. Аялдамадан шыққаннан кейін көпірден өту керек. Төменгі аспалы станция сіздің оң жағыңызда болады.


Тюнектепеден көрініс, фото © Shutterstock

Калеичи

Анталияның көптеген аймақтары әртүрлі деңгейде, сондықтан жаяу жүргіншілерге тауға көтерілуге немесе тар көшелер мен тік беткейлерге түсуге тура келеді. Анталияның ескі және жаңа бөліктерін байланыстыратын жеделсаты республиканың орталық алаңынан тарихи Калейчи ауданына өтуге көмектеседі. Ол болмаған кезде, түсу немесе көтерілу үшін Ескі қаланы тар және тік көшелермен айналып өту керек болар еді. Ол шамамен бір сағатқа созылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 매력투성이 (@yoooo_nie)

Жоғарыға көтеріліп, шыны бақылау алаңына шыға аласыз. Бұл жерден ең көне Мәрмәрлі жағажайының, теңіз портының, яхталардың және таулардың керемет көрінісі ашылады. Осы жерден сіз барлық бекініс ғимараттарын анық көре аласыз, ортағасырлық мешіттерді, оның ішінде Анталияның ежелгі османдық көрнекті орны - XIV ғасырда салынған Йивли мұнарасын көре аласыз. Бақылау алаңына кіру тегін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANTALYA ? Fotoğraf/Photo/Фото (@topantalyaphoto)

Улубей шатқалындағы шыны террасса

Түркияның батыс бөлігінде Улубей шатқалы орналасқан. Бұл ұзындығы бойынша АҚШ-тағы Гранд шатқалынан кейінгі екінші орынды иеленеді.


Фото ©suhulettur.com

Бірнеше жыл бұрын мұнда кеме палубасы түріндегі шыны терраса салынды, оның ауданы 135 шаршы метрге жетті. Оның 112-сі мөлдір шыныдан салынған. Терраса табиғат сұлулығының керемет көрінісін ұсынады.

Каппадокиядағы Геремеде орналасқан бақылау алаңы

Туристер Кападокияға әуе шарларында ұшу үшін барады. Мұндағы екінші маңызды орын - Гереме ұлттық саябағындағы бақылау алаңы. Олар мұнда таңертең таңды қарсы алу үшін келеді және аспанға көтерілген шарларға тамсанып, түстен кейін Каппадокияның маңына серуендеп, кешке күн батқанын тамашалайды.


Учхисар қамалы, © Shutterstock

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sly (@theworldofsly)

Кіру тегін. Геремеден бұл жерге шамамен 30 минутта жаяу жетуге болады. Сіз мұнда көлікпен де келе аласыз, бірақ соңғы 100 метрді жаяу жүру керек.

Саяхатқа шыққан туристерде әрдайым уақыт тапшы болып келеді, ал бақылау алаңдары - қала көрінісін бір сәтте толық тамашалу үшін керемет мүмкіндік. Біз ең маңызды деген бақылау алаңдары жайлы баяндадық, ал сіз қайсысын тамашалағыңыз келеді, ол - өз еркіңізде.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.