Түркияға тур бағасының көтерілуінің тағы бір себебі аталды

Түркиядағы қонақүйлер мен туристік пакеттердің бағасы қайтадан көтерілуі мүмкін. Cебебі электр энергиясына тарифтер қымбаттады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom.ru сілтеме жасап.

Тариф жыл басынан бері айтарлықтай өсті, енді қазіргі құны да қаңтарға қарай үш есе өседі деп күтілуде.

Түркияда қонақүйлер үшін электр энергиясының бағасы киловатт үшін 1,3 лираны құрайды. Алайда, жергілікті Enerji sa негізгі энергетикалық компаниясының дүрбелеңге себеп болған хабарламасы жыл соңына қарай баға 100 пайызға - 2,6 лираға дейін, ал қаңтарда тағы 3,6 лираға дейін қымбаттайтынын хабарлады.

Сонымен қатар, қонақүй иелері коронавирустың салдары мен несие төлемінің де аз емес екенін еске салады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!