Түркияға бара жатқан ұшақтың ұшқышы талып қалып, дереу қонуға мәжбүр болған

© pixabay

Түркиядан Ұлыбританияға бара жатқан Jet2 ұшағы апатты жағдайда Грекияға қонуға мәжбүр болған, өйткені ұшқыштардың бірі рейс барысында есінен танып қалған, - деп хабарлайды Daily Star.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркиядан Ұлыбританияға бара жатқан Jet2 ұшағы апатты жағдайда Грекияға қонуға мәжбүр болған, өйткені ұшқыштардың бірі рейс барысында есінен танып қалған, - деп хабарлайды Daily Star.

Оқиға 23 тамызда болған. Ұлыбританиялық әуекомпанияның ұшағы Бирмингем - Анталья рейсін орындау кезінде 30 мың футта (шамамен 9 000 метр) турбулентті аймаққа кірген. Рейсте болғандардың айтуынша, ұшақтың алдынғы бөлігінде "бірдеңе болып жатқанын" байқаған. Сосын жолаушыларға аты аталмаған адамға медициналық көмек көрсетілуі үшін ұшақтың грекиялық Салоники қаласына қонатыны туралы хабарланған. 

Реклама
Реклама

Ұшақ Грекияға қонғаннан кейін ұшу-қону алаңында бір сағаттай медициналық бригаданы күткен. Кейінірек жолаушыларды терминалға кіргізген - ешкім ештеңе айтпастан ұзақ уақыт бойы жолаушыларды күттіріп қойған. Тек біршама уақыт өткен соң әуекомпания өкілдері ұшқыштың бірі есінен танып қалғанын айтқан. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная