Түркияға Microsoft негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 4-орында тұрған Билл Гейтс саяхатқа келді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.
Билл Гейтс өткен жұмада турист ретінде Айдындағы Кушадасы ауданына жалға алынған Wayfinder LANA бортымен келген.
Түрік дереккөздерінің мәліметінше, Кайман аралдарының туы бар чартерлік яхта Wayfinder класының қолдау кемесімен бірге Кушадасы шығанағының жағасында тоқтаған. Сол жерден Гейтс тікелей Измирдегі Мария Мәриямның үйіне барды.
Куәгерлер оның шіркеуде дұға еткенін, содан кейін ежелгі Эфес қаласына экскурсияға барғанын атап өтті. Жергілікті БАҚ Гейтстің күзетшілері мен қызметкерлері катамаранда қалғанын жазды.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!