Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркиядағы қонақүйлерде 16 шілдеден бастап орын тапшы болуы мүмкін


Түркия президенті Режеп Ердоған елде 16 шілдеден 26 шілдеге дейін созылатын онкүндік демалыс жариялады. Бұл күндері елде ең маңызды мұсылман мерекелерінің бірі Құрбан айт тойланады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар курорттық аймақтардағы қонақүйлерді, соның ішінде төрт және бес жұлдызды бөлмелерді жаппай брондап жатыр. Кейбір қонақүйде келесі аптадағы барлық бөлме сатып алынды және олар сатылымды тоқтата тұрғанын хабарлады.

Әсіресе арзан шағын қонақүйлер мен пәтерлерде демалушылар көп болады деп күтіледі. Бұл Түркияға туристік агенттіктердің қызметін пайдаланбай, өз бетімен баратын туристер үшін проблема тудыруы мүмкін.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды