Түркияда коменданттық сағаттың енгізілуі қонақүйлер мен оларға бекітілген жағажайлардың жұмысына ешқандай әсер етпейді, алайда экскурсияларды өткізуге әсер етуі мүмкін,- деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы TourDom.ru басылымына сілтеме жасап.
Жаңа ережелерге сәйкес барлық сауда орталықтары, шаштараздар мен сұлулық салондары тек 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Кинотеатрлар, мейрамханалар мен дәмханалар келушілер үшін жабық. Дегенмен, тағам тасымалдауға рұқсат етіледі. Темекі шегуге тыйым салу өз күшінде қалады. Жергілікті туристік бизнес өкілдері бұл шектеулер қонақүйлердің жұмысына, сондай-ақ оларға бекітілген жағажайларға әсер етпейтіндігін түсіндірді, сондықтан демалушылар арсында алаңдаушылық жоқ.
Алайда Түркияның ІІМ өкілдері шетелдік туристер комендаттық сағат ережелерін сақтаудан босатылатынын айтты. Шетелдік азаматтар бір қаладан екіншісіне көлікпен емін-еркін бара алады, тек көлікті брондауға қажетті құжаттары болса жеткілікті. Қонақүйлер мен әуежайлардағы мейрамханалар мен кафелер қалыпты жұмыс істей береді. Қонақтарды тек экскурция кезінде қайықтар мен яхталарда тамақтандыруға тыйым салынған.
Сол себепті кәсіпкерлер экскурсия мен туристердің тамақтануын қалай ұйымдастыруға болатыны туралы әлі де екі ойлы сияқты. Әрине, бұл біраз мәселе тудыруы мүмкін.
"Әрине, коменданттық сағаттың кесірінен туристер саяхаттан бас тартуы екіталай, ал туроператорлар бағдарламаларын қысқартады. Бірақ бұл тек бірінші кезең, сондықтан біз жаңа тыйым салу шаралары дайындалып жатыр деп алаңдап отырмыз", - дейді Антальядағы туристік фирмалардың бірінің жетекшісі Мария Шекер.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.