Түркиядағы жол апаты: қазақстандық журналистің жұбайы да қайтыс болды

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания қаласында болған апат салдарынан тағы да бір қазақстандық қаза тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұбайы кеше реанимацияда қайтыс болды. Ұлын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Қаза тапқан үш адамның денесі бүгін Қазақстанға жіберіледі", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болды. Бұған дейін екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш турист қаза тапқан еді. Басылымның мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы апат орнында, ресейлік турист және 2 жасар қазақстандық ауруханада қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!