Түркиядағы ең жақсы бес жұлдызды қонақүйлер жайлы не білесіз?

Түркия - күз бен қыста да қазақстандықтардың ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Көпшілігі бұл елге екі немесе одан да көп демалысқа келген. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Түркиядағы ең жақсы, барлық қызмет түрі қамтылған қонақүйлер жайлы баяндайды.

Жалпы, соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жалпы сыйымдылығы 2 006 151 орындық 18 142 қонақүй бар. Материалда қазақстандық туроператорлар ұсынған, сондай-ақ, ағымдағы рейтингке енген қонақүйлер жайлы айтылады.

Түркия мен Мысырға саяхаттар ұйымдастыратын Kompas Tour туроператорының басшысы Салтанат Дүйсенқызы Белектегі ең жақсы үш қонақүйді ұсынады.

"Сәнді бес жұлдызды Sueno Hotels Deluxe Belek қонақ үйі Жерорта теңізінің жағасында орналасқан. 2015 жылы салынған, жалпы ауданы 1 410 000 шаршы метр. Жыл он екі ай жұмыс істейтін қонақүй майда құмды жағажайда жүзуге шақырып, тамаша демалыс ұсынады. Туристерді ұмытылмас тамаша жазғы концерттер, ойын-сауық іс-шаралары және анимациялық шоулар күтеді. Қыста шығыс стилінде салынған заманауи СПА-сауықтыру орталығында рахаттанып, уақыт өткізуге болады", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sueno Hotels Deluxe Belek (@suenodeluxe)

Кез келген талғамға сай ойын-сауығы бар қонақүй Maritim Pine Beach Belek қаланың ең әдемі аудандарының бірінде, түрік Ривьерасының құмды жағалауында, әдемі ормандар мен үлкен саябақпен қоршалған жерде орналасқан. Maritim Pine Beach Belek курортында қонақтар құмды жағажайға қарайтын балкондары бар кең бөлмелерде көптеген ойын-сауықтарды пайдалана алады. Spa Helen сізге ұмытылмас демалыс пен жан тыныштығын сыйлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pine Beach Belek (@pinebeachbelek)

"Bellis Deluxe қонақүйін таңдаған кезде туристер Жерорта теңізінің көздің жауын алатын көгілдір түсі мен қонақүй аумағындағы балқарағай мен эвкалипт ағаштарының көлеңкесінде салқындап, тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнда демалу жайлылық пен сән-салтанат қатар жүреді", - дейді Салтанат Дүйсенқызы.

Саяхатшыларға арналған танымал сервис Түркиядағы қонақүйлердің өзіндік рейтингін жасады. Ол пайдаланушылардың рейтингтері негізінде құрастырылған. Біз олардың кейбіреулері жайлы баяндаймыз.

Пікірлер мен рейтингтер жиынтығы бойынша бірінші орынды Xanadu Island Bodrum қонақүйі иеленді. Ол "демалуға арналған өте жоғары санатты қонақүй" деп сипатталады. Бұл қонақүй Эгей теңізінің суымен шектесетін өз алдына жеке түбекте орналасқан, теңіз көрінісін барлық бөлмелерден тамашалауға болады. Қонақүйдің жағажайы "Көк ту" сертификатымен марапатталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Xanadu island bodrum (@xanaduislandbodrum)

Тағы бір үздік бестікке кіретін қонақүй - Club Med Bodrum. Бұл балалы отбасылар арасында сұранысқа ие. Эгей теңізінің жағасында, қарағай мен зәйтүн тоғайлы жартасты шығанақтар мен төбелердің арасында орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от clubmedbodrumpluss (@clubmedbodrumpluss)

Анталия провинциясындағы қонақ үй - Sherwood Dreams Resort (Боазкент). Қонақүй отбасымен демалушыларға ұсынылады. Тек тамақтандыру сапасы ғана емес, сонымен қатар анимация, аттракциондар мен СПА орталығы да туристер көңілінен шығады.

Анталия жағалауындағы қонақүй - Kimeros Park Holiday Village (Кемер). Өзінің жағажайы бар үлкен жасыл қонақүй, аумағы 100 мың шаршы метрге жуық. Негізгі ғимарат және 54 екі қабатты бунгалодан тұрады.

"Бәрі ұқыпты, таза, ауасы керемет. Қызмет көрсету тамаша! Қызметкерлер демалысыңызды тамаша өткізу үшін бәрін жасайды", - делінген 2022 жылдың жазындағы қонақүй туралы соңғы пікірлердің бірінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kimeros Park Holiday Village (@kimerospark)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.