Түркияда жаңа заң қабылданды, онда тұрғын үй иелері туристерге жалға беру үшін арнайы рұқсат қағазын алуы қажет, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Resmi Gazete басылымына сілтеме жасап.
Үйді 100 күнге жетпейтін мерзімге жалға беру үшін Туризм министрлігінен рұқсат алу керек. Бұл ережені сақтамағандарға 100 мың түрік лирасы (1,65 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бірінші айыппұлдан кейін бұл жағдай қайталанса, үй иесіне 1 миллион лир (16,5 миллион теңге) айыппұл салынады.
"Тұрғын үйді туристік мақсатта жалға беру үшін туристермен жалға беру туралы келісімшарт жасасқанға дейін рұқсат алу қажет. Осыған орай жалға берілетін үйдің сыртында санаты көрсетілген тақтайша тұрады, оны министрлік тағайындайды.
Егер жалға беруші саяхатшыға көппәтерлі ғимараттан пәтерді жалға беретін болса, онда ол сол үйдегі барлық тұрғындардан рұқсат алуы қажет", - делінген заңда.
100 күннен аса уақытқа жалға берілетін үйлерге бұл заң жүрмейді. Заң тұрғын үйлерді лицензиялау және қауіпсіздік тәуекелдерін болдырмау үшін қабылданған екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!