Түркияда туристерге швед үстелінен тамақты салып алуға рұқсат етіледі

Фото: pixabay.com

Сәуірден бастап Түркияда туристерге қонақүйлерде енгізілген "антиковид" ережелердің көп бөлігі жеңілдетіледі. Олардың ішінде қонақүй қызметкерлерінің швед үстелінен тағамдарды таратуы тоқтатылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сәуірден бастап Түркияда туристерге қонақүйлерде енгізілген "антиковид" ережелердің көп бөлігі жеңілдетіледі. Олардың ішінде қонақүй қызметкерлерінің швед үстелінен тағамдарды таратуы тоқтатылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Бұл құжат, дәлірек айтсақ, туристерге арналған жеңілдік туралы құжаттың жобасы TGA (Түркияның туризмді жылжыту және дамыту агенттігі) түрік баспасөзінде "тарап кетті". Осы жобаға сәйкес, қауіпсіз туризм бойынша түрік сертификатынан "антиковид" шаралардың 15 пункті алынып тасталуы мүмкін. Соның ішінде:

All inclusive қонақүйлерінде және жалпы түрік қонақүйлерінде буфетте туристерге қызмет көрсетудің бұрынғы схемасын қайтару. Туристер қайтадан өздері тамақтана алады, сонымен қатар кофе, шай және басқа да сусындар құйып алады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, асхана үстелдеріндегі міндетті санитайзерлер туралы талап жойылады;
Бір реттік ыдыс-аяқты көп реттік алмастырады;

Сабын мен сусабынның бір реттік "порцияларының" орнына қарапайым диспенсерлер қонақүйлерге қайтарылды.

Айта кетейік, Түркияда туристерге арналған HES кодтары наурыздың басынан бастап жойылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная