© pixabay © pixabay

Түркияда туристерге баруға тыйым салынатын жерлер аталды


Түркия билігі ел аумағында туристер мен жергілікті тұрғындарға баруға болмайтын жерлерді атады: 2022 жылдың 31 тамызына дейін елде орманға баруға тыйым салынады. Мұндай шара орман өртінің алдын алу мақсатында істелінбек, - деп хабарлайды trthaber.com.

Былтыр Түркияның түрлі аймағында болған алапат орман өрті кезінде де осындай ескертулер жарияланған еді. Аптап ыстық, желдің қатты соғуы  және жауын-шашынның жоқтығы - тұтанудың басты себебі екенін айтпаса да белгілі. 

"Мұндай жағдайда, шөптер мен бұталар және ағаштар сіріңке ұқсап жанады, сосын кеңге жайылған өртті сөндірудің өзі қиынға соғады. Жылдам өршіген өрт елді-мекендерге және инфрақұрылымдарға зиян келтіреді. Қаншама тіршілік иесі жан тапсырады", - дейді басылым өкілдері. 

Жаңа шектеулерге сәйкес, 31 тамызға дейін туристер мен жергілікті тұрғындарға орманды алқапқа баруға, от жағуға, барбекю дайындауға тыйым салынады. Сондай-ақ тез тұтанатын отшашулар қолдануға болмайды. Кемпингтер шекарасынан асып палатка тігуге де рұқсат жоқ. 

Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, орман өртінің басты себебі адамдардың әрекетінен болып жатады екен: құрғап шөпті өртеу, жидек теру, қоқысты өртеу, салғырттық, темекі тұқылын кез келген жерге лақтыра салу сынды жағдайлар кездеседі. 

Өрт қауіптілігі бар аймақтарда жедел әрекет ету қызметкерлері күзететін болады. Өткен аптада Измир маңындағы Алиага курортты аймағында өрт шықты. Өртті сөндіруге тікұшақ пен 8 өрт сөндіру құрылғылары жұмылдырылды. Осы оқиға салдарынан адамдар зардап шекті. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды
Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді
Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді