Түркияда туристер үшін шектеулер ұзартылды

Түркия билігі туристер үшін шектеулерді жаңартты. Жаңа ереже 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) шешіміне сәйкес, республикаға ұшатын барлық шетелдік жолаушы елге кірерден 72 сағат бұрын жасалған теріс ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек.

ПТР-тесті 12 жасқа толмаған адамдарға, коронавируспен ауырып, жазылған туристерге, сондай-ақ Түркияда бекітілген препаратпен егілген саяхатшыларға қажет емес екені атап өтілді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!