Түркияда туристер үшін елдің жабылу қаупі туралы айтылды

Түркия билігі коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты туристер үшін шекаралардың қайта жабылуы мүмкін екенін айтып, туристік ағынды сақтау үшін қатаң шектеу шараларын енгізуді ұсынды. Мұндай тәуекелдерді шенеуніктер Анталия сауда-өнеркәсіп палатасы кеңесінің (ATSO) тамыздағы онлайн-отырысында талқылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Haber Turk басылымына сілтеме жасап.

ATSO президенті Давут Четин (Davut Çetin) пандемия мен өрттерге қарамастан, Түркия туристік ағынды жоғары деңгейде сақтай алғанын айтты. Пандемияға дейінгі 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2021 жылдың тамызында республикаға 2,5 миллионға жуық саяхатшы келген.

Алайда, ол қабылданған шаралар вирустың таралуын болдырмау және туризмді сақтау үшін жеткіліксіз екенін атап өтті.

"Вакциналау қажет. Мен қызмет көрсету секторынан, қоғамдық орындардан ережелердің сақталуын бақылауды сұраймын. Егер қайтадан жабылғымыз келмесе, одан да маңызды шаралар қабылдауымыз керек", - деді спикер.

Сондай-ақ, шенеунік Анталияда болған экономикалық дағдарыс әлі аяқталмағанын, сондықтан қазір туристерді жоғалтып алмау керегін атап өтті.

"Туристер санының артуына қарамастан, біз 2019 жылдың жарты деңгейіне жеттік. Содан кейін сегіз айлық ағын 10,5 миллион шетелдікті құрады, биыл біз тек 5,5 миллионға жетеміз", - деп түйіндеді Четин.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!