Ежелгі грек Перинтос қаласында қазба жұмыстары басталды. Бір жыл ішінде археологтар императорлардың сүйікті қаласының тарихын қалпына келтіріп, туристер үшін ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
Ежелгі қала б.з.д. 600 жылдан басталады, ол Түркияның солтүстік-батысындағы Текирдаг провинциясының Мармара-Эреглиси аймағында Мармара теңізінің жағасында орналасқан. Қазба жұмыстарын профессор Зейнеп Кочель Эрдем бастаған. Оның есептеуінше, 12 ай ішінде археология институтының студенттері мен оқытушылары ежелгі қаланың тарихын біле алады.
"Перинтос римдік Фракия провинциясының астанасы болды. Сол кездегі императорлардың сүйікті қаласы. Ежелгі қаладағы акрополь өзгеріссіз қалды. Біз оның аумағында жұмысты бастадық. Қоғамдық құрылымдары бар үлкен территория. Бұрын театр болған жер жақсы байқалады. Өте қызықты ғимарат, біз оны зерттейміз", - деп бөлісті профессор.
Публикация от Tekirdağ İl Kültür Turizm Müd. (@tekirdagkulturturizm)
Қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба бойынша туристер үшін жол бойында ақпараттық тақташалар орнату жоспарланған.
"Бұл - Текирдагтағы тарихи және мәдени туризмнің маңызды жері. Қазба жұмыстарының арқасында ежелгі Перинтос қаласы қалпына келтіріледі. Бұл - ашық аспан астындағы мұражай, мұнда көптеген өркениеттің ізін көруге болады. Жергілікті және шетелдік туристер үшін Текирдаг жолдарымен саяхат Перинтостан басталады, содан кейін басқа тарихи және мәдени көрікті жерлер жалғасады", - деді аймақтың мәдениет және туризм директоры Ахмет Гаджиоглу.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!