Түркияда турист демалушылардың көз алдында парапланмен жарға соқтығысты

Түркияда таулы аймақта парапланмен ұшқан ұлыбританиялық турист қайтыс болды, - деп хабарлайды The Sun.

Басылым мәліметінше, 62 жастағы Фрэн Лалли түріктің Өліденіз курортты ауылында парапланды дұрыс басқармаған. Ол теңіз деңгейінен 1900 метр биіктіктегі Бабадаг тауында орналасқан старт алаңында болған. 

Ұшу кезінде ер адам тура старт алаңының төменгі жағындағы жартасқа соқтығысқан. Бұл оқиға бірнеше адамның көз алдында болған, олар жедел жәрдем шақырған. 

Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер жеткен. Олар зардап шеккен ұлыбританиялық азаматты мемлекеттік Фетихе ауруханасына жеткізген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған, ол алған жарақатынан қайтыс болды. Түркия билігі осы оқиғаға атысты тергеу бастады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!