Түркияда ішімдікке сылқия тойған саяхатшы қыздар 80 жастағы қарияны ұрып-соққан

Көрнекі сурет. © shutterstock.com

Түркияда үш саяхатшы қыз ішімдікді мөлшерінен тыс ішіп, қария мен полицейлерді елдің көзінше ұрып-соққан, - деп хабарлайды Milliyet.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда үш саяхатшы қыз ішімдікді мөлшерінен тыс ішіп, қария мен полицейлерді елдің көзінше ұрып-соққан, - деп хабарлайды Milliyet.

Жергілікті газет мәліметінше, оқиға Антальяның Калекапы ауданында болған. Белгісіз қыздар 80 жастағы ер адамды өздерін аңдыды деп ұрып-соққан. Соған қарамастан, куәгерлердің айтуынша, туристер ішімдікке сылқия тойып, өздері не істеп не қойып жүргендерінен бейхабар екен. 

Реклама
Реклама

Осы оқиғаны көрген дүкен иесінің бірі полиция шақырған, долы қыздар құқық қорғау органдары өкілдеріне де тап берген. Олар полицейлермен дауласып, сосын біреуі полицейге шабуыл жасаған. 

Дереккөз оқиғаның қалай аяқталғаны туралы ештеңе айтпаған, алайда соқының астында қалған зейнеткер медициналық көмектен бас тартып, трамвай отырып, оқиға орнынан кетіп қалған. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная