Түркияда мейрамхана иелері коронавирусқа қарсы вакцина салған келушілер үшін жеңілдік пен бонус жасайды немесе тамақты тегін береді. Мұндай ақпаратты жергілікті БАҚ-та жиі жаза бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.
Кәсіпкерлердің бірі науқан ұйымдастырды: "вакцина туралы сертификатты телефондағы қосымшада көрсетіңіз және сыйлық ретінде ең дәмді кебаб алыңыз".
Көптеген рестаратор адамдарды коронавирусқа қарсы вакциналауға итермелеп, оларға дәмді тамақ пен жеңілдіктер ұсыну локдаун кезінде жабылып қалудан гөрі жақсы деп санайды. Алайда мұндай акциялар әлі жаппай сипат алған жоқ.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!