Түркияда ресейліктер мен ұлыбританиялықтар жаппай төбелесті - видео

Түркияда ресейлік және ұлыбританиялық туристер жаппай төбелесті. Оқиғаның видеосын Тhe Sun жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға Анталия провинциясындағы Муратпаша ауданында болды. Кадрдан бес жұлдызды қонақүйдің залында бірнеше ер адамның бір-бірімен дөрекі сөйлесе бастағаны көрінеді. Көп ұзамай олар дауыс көтеріп, 15-ке жуық адам төбелесті.

Сол жерде тұрған қонақүй қызметкерлері оларды тоқтатуға тырыспаған. Тек өтіп бара жатқан әйелдер арашалаған.

Төбелес салдарынан туристердің бірі жарақат алған. Ұлыбританиялық бір азаматтың қолы сынған, ал ресейліктің мұрны сынған. Жанжалға ер адамдардың бірі бір қызға назар аударуы себеп болуы мүмкін.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!