Түркияда локдаун: туристерге қай жерге баруға рұқсат етілді

Фото: pixabay.com

Түркияда жүрген шетелдік саяхатшыларға коменданттық сағатты сақтамауға және төлқұжаты болса, ел ішінде жүруге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда жүрген шетелдік саяхатшыларға коменданттық сағатты сақтамауға және төлқұжаты болса, ел ішінде жүруге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой шетелдік туристер тәулік бойы коменданттық сағаттан босатылғанын айтты. Енді олар төлқұжатымен бірге ел ішінде еркін жүре алады. Түркияда локдаун коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты 17 мамырға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

Қоғамдық көліктің 50 пайызы жұмыс істейді.

Саяхатшылар тоғыз қаладағы негізгі мұражайлар мен тарихи орындарға, соның ішінде Стамбул, Анталия, Мугла және Невшехирге (Кападокия) бара алады.

Қазір қонақ үйлердегі дәмханалар мен мейрамханалар клиенттерге қызмет көрсетіп жатыр, ал басқа тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету үшін жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная