Түркияда локдаун қатаңдатылады

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

"7 мамырдан бастап дүкендерде, соның ішінде желілік супермаркеттерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары, жануарларға арналған тамақ және косметикалық құралдар (парфюмерия мен макияжға арналған құралдардан басқа) сатуға рұқсат етіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Елде алкоголь, электроника, ойыншықтар, канцелярия және киім сатуға тыйым салынады.

Айта кетейік, қолданыстағы шектеулерге сәйкес, Түркия тұрғындары 29 сәуірден 17 мамырға дейін негізгі азық-түлік сатып алу және жедел медициналық көмек сияқты кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, үйден шықпауы керек.