Түркиядағы 5 жұлдыз санатындағы қонақүйлердің бәрі дерлік мамырдағы мереке күндері бос болмайды. Бөлмелердің бәрі дерлік сатылған. Бұл туралы TourDom.ru сайтына туристік агенттер мәлімдеді, сондай-ақ отельерлердің өздері растады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.
"Бізде мамырдағы мереке күндері, тіпті мамыр бойы келушілер саны көп. Қазір бөлмелердің 70 пайызға жуығы сатылды. Брондау әлі де жүріп жатыр", - дейді Crystal Hotels қонақүйінің сату жөніндегі директоры Сами Йылмаз. 1 мамырда келетін туристер үшін бұл қонақүйде екі адамға бір апталық демалыс 590 мың теңге тұрады.
Туристік агенттердің айтуынша, қазір мұндай қонақүйлерден бөлме табу қиын.
"Өткен жылдағыдай, туристер үшін бағыт ашылған кезде олар бірден сатып алынды. Қазір жағдай қайталанып отыр", - деді Анталияда тұратын турагент Мария Шекер.