Түркияда курортты қонақүй өртенді: туристер қашып құтылды

Иллюстрация. © pixabay

Антальяның Аланья аумағындағы курортты қонақүй осы жұмадағы таңғы уақытта басталған өрт салдарынан қатты бүлінді. Туристердің біршама бөлігі эвакуацияланды, қалғаны - қашып құтылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антальяның Аланья аумағындағы курортты қонақүй осы жұмадағы таңғы уақытта басталған өрт салдарынан қатты бүлінді. Туристердің біршама бөлігі эвакуацияланды, қалғаны - қашып құтылған.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, Кестель ауданындағы қонақүйлердің бірінің шатырында өрт шыққан. Бастапқыда өрт жылдам көшіп, бүкіл шатыр жана бастаған. Оқиғаның куәгерлері төтенше жағдай туралы құзіретті органдарға хабарлаған. Оқиға орнына көптеген өрт сөндірушілер мен жандармерия бригадалары жеткен. 

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдары туристерді эвакуациялаумен айналысқан, ал өрт сөндірушілер өз жұмысына кіріскен. Өртті сөндіруге әуе қызметі де пайдаланылған. Тікұшақтың арқасында өртті бір сағатта сөндірген. Екі өрт сөндіруші маман зардап шеккен. Туристер арасында зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная