Түркияда көшеде маска тағу мен HEX-кодтан бас тартылды

Түркияда көшеде масканы міндетті түрде тағу тоқтатылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, желдету және әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі болған жағдайда, жабық бөлмелерде қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттілігі де жоғалады. Сонымен қатар, байланыста болған адамдарда коронавирус белгілері болмаған кезде енді ПТР-тестіне анализ алынбайды. Олар оқшауланудан да босатылды.

Жаңа ережелер бойынша қоғамдық орындарда бұдан былай Ashyq қазақстандық жүйесінің аналогы HES-коды бар қосымшаны пайдаланудың қажеті жоқ. Алайда, турагенттердің түсіндіруінше, шетелдік туристер олардан әлі толық бас тарта алмайды. Tourdom мәліметінше, туристер сауда орталықтарына да кедергісіз бара алады, бірақ қонақүйге HES-кодын ұсынғаннан кейін ғана кіре алады. Оны Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы сауалнаманы толтыру арқылы алуы керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!