Түркияда коронавирусқа байланысты көшеде темекі шегуге тыйым салынды

© tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркияда коронавирус жұқтыру жағдайлары көбеюіне байланысты көпшілік жүретін көшелерде және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды. Бұл туралы республиканың ІІМ нұсқаухатында айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда коронавирус жұқтыру жағдайлары көбеюіне байланысты көпшілік жүретін көшелерде және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды. Бұл туралы республиканың ІІМ нұсқаухатында айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Осыған дейін жарияланған нұсқаухатта барлық қоғамдық жерлерде (тұрғын үйлерден басқа) азаматтар бетперде тағуға міндеттелгені туралы жазылған еді. Бірақ адамдар темекі шегу үшін бетпердесін шешіп, не төмен түсіріп тастайтын болған, бұл дегеніміз оны дұрыс тақпау. Осыған байланысты 12 қарашадан бастап барлық провинцияда көпшілік орындарда және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды", - делінген нұсқаухатта. 

Реклама
Реклама

"Тыныс алу арқылы оңай жұғатын коронавирустың таратпау үшін бетперде тағуды үнемі қадағалау қажет" екені айтылады. 

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Түркияда коронавирус пандемиясы екінші шыңына жеткенін айтты. Сәрсенбіде Түркияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2693-ке жетті, бұл 29 сәуірден бергі ең үлкен көрсеткіш. Жұқтырғандардың жалпы саны 400 мыңнан, ал қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная