Түркияда қонақүйлер "швед дастарқаны" үшін жабылуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Пандемия кезінде әдеттегі "швед дастарқаны" форматында қызмет көрсетуге көшкен түрік қонақүйлеріне айыппұл салынуы немесе олар жабылуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новостиге Түркия қонақүй федерациясының басшысы Сурури Чорабатыр мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пандемия кезінде әдеттегі "швед дастарқаны" форматында қызмет көрсетуге көшкен түрік қонақүйлеріне айыппұл салынуы немесе олар жабылуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новостиге Түркия қонақүй федерациясының басшысы Сурури Чорабатыр мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ Анталияның қонақүйлерінде туристер Түркияда коронавируспен күрес аясында қолданылатын ережелерден айтарлықтай өзгеріс байқағанын хабарлады. Атап айтқанда, кейбір қонақүйде тамақты бетперде мен қолғап киген даяшылар ұсынбайды, туристердің өзі бұрынғыша - "швед дастарқанындағыдай" салып алады.

"Қауіпсіз туризмді сертификаттауда ешқандай өзгеріс жоқ. Егер Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан тексерулер барысында қонақүйде бұзушылықтар анықталса, оған айыппұл салынады. Ал егер қонақүй талапта қайта орындамаса, белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін болса, онда мекеме жабылуы мүмкін. Бүгінгі таңда бірнеше осындай қонақүйлерге айыппұл салынды, содан кейін жабылды", - деді агенттікке Сурури Чорабатыр "швед дастарқаны" форматында қызмет көрсетудің заңдылығы туралы сұраққа жауап беріп.

Реклама
Реклама

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная