Түркияда қонақүйлер мен мейрамханалар айтарлықтай қымбаттады

Түркияның статистикалық басқармасы инфляция көрсеткіштерін жариялады. Оған сәйкес, 2021 жылдың шілдесінде соңғы 18 жылдағы тұтынушылық инфляцияның ең жоғары көрсеткіші анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom басылымына сілтеме жасап.

Түркияның статистикалық басқармасының есебіне сүйенсек, мейрамханалар мен қонақүйлерде бағалар алдыңғы аймен салыстырғанда 2,72 пайызға, өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 15,19 пайызға және 2020 жылдың сол айымен салыстырғанда рекордтық 20,63 пайызға, сондай-ақ 12 айдағы орташа көрсеткіштермен салыстырғанда 14,66 пайызға өсті. Ең үлкен баға азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға қойылған - 24,92 пайыз. Бұдан кейін көлік бағасы 24,62 пайызға және тұрмыстық заттар 22,70 пайызға өскенін көруге болады.

Басылымның мәліметінше, Түркия банктеріне несие бойынша төлей алмайтын қонақүйлер үшін атқарушы рәсімдерді өткізуге тыйым салу мерзімі өткеннен кейін қонақүй бизнесін жаппай өзгеріс күтуде. Борышкерлердің саны кем дегенде 100 қонақүйге жетеді деп хабарланған. Сондықтан қонақүй иелері қарызды жабу үшін проблемалық активтерден арылады.

Сондай-ақ, басылым түрік туризмі үшін өрттің салдары бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап өтті. Мәселе мынада, қонақүйлерді қоршап тұрған курорттардың сұлу табиғаты тез қалпына келмейді. Ал негізінен туристер осындай табиғатты тамашалау үшін Анталияға және Түркияның басқа курорттарына келетін. Түркияның салалық қауымдастықтарының сарапшылары осындай баға берді.

"Туризм тек тікелей өрттен ғана зардап шеккен жоқ. Эгей теңізі де табиғатымен туристерді қызықтырды: жағажай мен күннен басқа теңіздегі демалыс табиғи сұлулығымен біздің жасыл табиғатты қамтыды. Біз оны жоғалтқанымызға өте өкінеміз. Алдағы жылдары мұның жағымсыз салдары болатынын білеміз", - деді Эгей туристік кәсіпорындар мен орналастыру Одағының (ETIK) вице-президенті Бүлент Зюзер.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!