Түркияда қонақүйлер демалыс маусымын қарашаға дейін ұзартуды жоспарлап отыр

Анталиядағы қонақүйлер маусымды кем дегенде қарашаның соңына дейін ұзартуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Turizm Ajansi сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Анталия қонақүйлері 2021 жылғы демалыс маусымын ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл Жерорта теңізінің жағалауына келетін туристердің белсенділігінің артуына байланысты болды.

Белсенді емес демалысты ұнататын саяхатшылар мен мектеп жасындағы балалары жоқ шетелдіктер "жазғы демалысын" жалғастырады. Егер бұрын сұраныс тамызда күшейсе, қазір туристердің көбейгенін қыркүйекте байқауға болады. Саяхатшылар Түркияға келуді жалғастырса, Жерорта теңізіндегі қонақүйлер, әдетте, қазанда аяқталатын маусымды қараша немесе желтоқсанға дейін ұзартуға уәде береді.

Әдетте жаздың аяғында жабылатын Эгей аймағы маусымды осы жылы қыркүйектен қазанға ауыстырды.

Фото ©Shutterstock 

Туристік белсенділік 1 шілдеден кейін қайтадан күшейе түсті. Бүгінде Анталияға рейстер саны 32 елге және 121 қалаға дейін көбейді. Келетін және ұшатын ұшақтар саны 11 мыңнан асты.

Фото ©Shutterstock 

Түрік туризм және даму агенттігінің басқарма мүшесі Джем Кинайдың айтуынша, пандемияға қарамастан 1 қаңтардан 10 қыркүйекке дейін Түркияға 10 миллион турист келген. Анталияға екі миллион адам саяхат жасаған. Бірінші орында ресейліктер, содан кейін украиналықтар мен германиялықтар. Кинай сертификаттау бағдарламасы мен салауатты туризм науқаны Түркияны басқа елдерден ерекшелейтін маңызды фактор екенін айтты.

"Анталияда, әсіресе Ресей, Украина, Германия, Англия және Польша сияқты елдерден қарқынды қозғалыс болды. Мен белсенділік алдағы айларда жалғасады, тіпті маусым қараша мен желтоқсанға дейін жалғасады деп күтемін. Биыл Түркияға 15 миллион турист келеді деп күтілуде. Бұл тағы бес миллион турист келетінін білдіреді", - деді ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!