Түркияда қонақүйде бірнеше жарылыс болып, өрт шықты

Бодрум курортында бес жұлдызды қонақүй өртенді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Turizmguncel сайтының мәліметінше, Бодрум Милас тас жолындағы Кайнар ауданындағы қонақүй өртенген.

Алапат өрт шыққан. Сондай-ақ, өрт кезінде "сұйық отын бактарының жанында" бірнеше рет жарылыс болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Қызметкерлер эвакуацияланған, туристер болмаған.

Қазір өрт себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!