Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркияда коменданттық сағат енгізілді


Түркия үкіметі тәулік бойы коменданттық сағат енгізді, ол үш күнге: 23 сәуірден 25 сәуірге дейін созылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Түркия Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Локдаун кезінде азаматтарға үйден тек орынды себептермен шығуға рұқсат етіледі. Оларға азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін баруға, дәрігерге бару және иттерді серуендетуге шығуға болады.

Мұндай шектеулер 23 сәуірде тойланатын Ұлттық тәуелсіздік және балалар күніне байланысты енгізіліп отыр.

Сондай-ақ, ведомстводағылар бұл шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданғанын атап өтті. Статистикаға сәйкес, өткен жұмада, 16 сәуірде Түркияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың рекордтық тәуліктік өсімі тіркелді. Бір тәулікте 63 082 жағдай анықталды.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды