Түркияда Қазақстаннан барған турист суға кетті - БАҚ

Түркияда Қазақстаннан барған турист суға кетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Haberler басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстанның 25 жастағы азаматы Антальяда суға кеткені айтылады. Оқиға шамамен 13:30-да Коньяалты жағажайында болған. 

"Жас жігіт теңізде түтікшесі бар маскамен шомылған. Оның әпкесі бұл кезде қонақүйде болған және 16:30-да 112-ге хабарласқан. Жағажайға теңіз полициясының бригадасы, жағалау күзеті, жанармерия және дәрігерлер жөнелтілген. Үш сағаттық іздеу шараларынан кейін қазақстандық туристің денесі бес метр тереңдіктен шығарылған. Оның мәйітін сүңгуірлер теңізден алып шығып жағаға жеткізген", - деп жазады жергілікті БАҚ. 

Жедел-тергеу тобының жұмысынан кейін ер адамның денесін Антальяның сот медициналық институттың мәйітханасына жеткізген.