Фото: @REUTERS Фото: @REUTERS

Түркияда карантин күшейтілді


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде коронавирус жұқтыру дерегі көбейгеніне байланысты қасиетті Рамазан айының алғашқы екі аптасында шектеу шаралары күшейтілгенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейгеніне байланысты Түркия үкіметі шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. Рамазанның алғашқы екі аптасында қалааралық байланысқа тыйым салынады, 20 жастан кіші және 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуға шектеулер қайта енгізілді, коменданттық сағат ұзартылды. Ол қазір 19.00-ден (бұрын 21.00-ден) 5.00-ге дейін, демалыс күндері коменданттық сағат жұмада 19.00-ден басталып, дүйсенбіде 5.00-ге дейін сақталады. Мейрамханалар тек жеткізу режимінде жұмыс істейді", - деді Ердоған телебағдарламада.

Ердоған наурыздың соңында Түркияның 58 провинциясында, оның ішінде Ыстамбұл, Анкара, Анталия, Муглада инфекция жұқтыру санының өсуіне байланысты демалыс күндері коменданттық сағат қайта енгізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айында 13 сәуірден 12 мамырға дейін бүкіл елдегі кафелер мен мейрамханалар тек жеткізу және алып кету режимінде жұмыс істейді.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде елдегі коронавирус жұқтыру жағдайының күнделікті өсімі соңғы 10 күнде жеті рет рекорд жаңартқан. Ол 55 941 жағдай.

Қаңтарда Түркияда қытайлық Sinovac Biotech компаниясының CoronaVac препаратымен коронавирусқа қарсы вакцинация басталған. Наурыздан бері елде Pfizer/BioNTech вакцинасы қолданылады. Бірінші кезеңде вакцинаны дәрігерлер, мұғалімдер және қарт адамдар алады. Вакцинациядан өткен тұрғындар саны 18 миллионнан асты, вакцинаның екі дозасын 7,5 миллионнан аса адам салдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Осыған ұқсас мақалалар

Испаниялық курорт демалыста COVID-19 жұқтырған туристердің шығынын өтейді Испаниялық курорт демалыста COVID-19 жұқтырған туристердің шығынын өтейді
Таиландта жүкті әйелді жауыздықпен өлтірді деген күдікпен америкалық азамат ұсталды Таиландта жүкті әйелді жауыздықпен өлтірді деген күдікпен америкалық азамат ұсталды
Таиландтағы қонақүйлердің жартысы алдағы үш айда жабылудан қорқады - сауалнама Таиландтағы қонақүйлердің жартысы алдағы үш айда жабылудан қорқады - сауалнама