Түркияда Каппадокияға апаратын люкс пойыз жолға шығады

Түркияның теміржол туризмі саласындағы ең ірі жеке жобасы - Cappadocia Express туристік пойызы 2022 жылдың басында қосылатыны белгілі болды. Бұған дейін люкс пойыз Кападокияға 2021 жылдың соңында шығатыны болжанған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Cappadocia Express пойызының өзі 5 жұлдызды люкс қонақүйінің стандарттарына сәйкес келеді және оператор компанияның хабарлауынша, The Pride of Africa (ОАР), Rocky Mountaineer (Канада), Транссібір экспресстері ("Императорлық Ресей" және "Алтын Бүркіт"), Тhe Ghan (Австралия) және сол сияқты теміржол премиум құрамдарының тәжірибесіне сүйене отырып жасалған.

Cappadocia Express билетінің құны тұру түріне, бағдарламаға және қосымша қызметтерге байланысты бірнеше мың еуроға жетуі мүмкін. 12 вагонда екі адамға арналған төсек орын, душ және дәретханасы бар купе, тағы екі вагонда сәнді мейрамханалар болады.

Анкара - Каппадокия және Ыстамбұл - Каппадокия бағыттарын іске қосу жоспарланған. Екі пойыз да күн сайын жүреді және Кайсериге келеді. Пойыз құрамына екі локомотив, 14 вагон кіреді. Әрбір туристік пойызға барлығы 294 адам орналастырылады. Бір жыл ішінде оператор-компания Каппадокияға кем дегенде 200 мың турист тасымалдауға ниетті.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2022 жылдың ақпанында Ыстамбұлдан шығатын сәнді пойыздардың бірі іске қосылады. Анкарадан рейстер бір уақытта бастала ма, жоқ па әлі белгісіз.

Алайда, бір Кападокияда HIS Travel және Sun Group жобалары тоқтамайтыны белгілі: сәнді туристік пойыздар Ыстамбұлдан немесе Анкарадан Шығыс Анадолыға, Месопотамияға, Қара теңіз аймағына (Карадениз) және Эгей жағалауына 7-8 жыл ішінде ашылуы керек.

2021 жылғы сәуірде жобаның бастамашылары жүргізілген теміржол туристік жобасы мультипликативтік әсердің нәтижесінде Түркия экономикасында кемінде 1 миллиард еуро өндіретін тұтас жаңа инфрақұрылымдық сектор құратыны туралы айтты.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!