Түркияда кафедегі жарылыстан 7 адам қаза тапты

Түркияның Айдын қаласындағы Назалли ауданында мейрамханада болған жарысыл салдарынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Hurriyet.

Қала губернаторы Хусейн Аксойдың мәліметінше, жарылыс газды дұрыс қолданбаудың салдарынан болған. Жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты және бес адам жарақат алды. Зардап шеккендердің бірі ауыр халде жатыр.

Оқиға орнында құтқару бригадалары, жедел жәрдем және полиция жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.